Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Астанада ер адам баланың көзінше үйректерді бөлшектеген: полиция жауап берді

Астанада ер адам баланың көзінше үйректерді бөлшектеген: полиция жауап берді
Threads

Әлеуметтік желілерде елордалық саябақтардың бірінде ер адамның үйректерді бөлшектеп жатқан сәті түсірілген жазба тарады. Оқиға қоғамда үлкен резонанс туғызды. Мән-жайды Астана қалалық полиция департаменті түсіндірді, деп хабарлайды kznews.kz.

Астана тұрғыны Threads желісінде жазба жариялап, саябақтағы балалар алаңы маңында болған сұмдық жағдайға куә болғанын айтты.

«Серуендеп жүрген кезде, балалар алаңының қасында бір ер адамның саябақ аумағында жабайы үйректерді бөлшектеп жатқанын көрдім. Оның жанында бала да тұрды және барлығын қызығып қарап тұрды. Мүмкін, олар үшін мұндай “саябаққа шығу” әдеттегі жағдай шығар», – деп жазды куәгер.

Пайдаланушы өз сөзін дәлелдеу үшін суреттер де жариялаған.

Қалалық полиция департаменті бұл жағдай бойынша түсініктеме берді. 

«Аталған факт бойынша 38 жастағы елорда тұрғыны анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Оның әрекетіне қатысты қоғамдық орындарды ластағаны үшін әкімшілік іс қозғалды», – деп жазды полицияның баспасөз қызметі.

Тексеру барысында ер адамның саябаққа үйректерді ауылдан алып келгені анықталды.

Іс сотта қаралып, ер адам ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2-бабының 1-бөлігі («Қоғамдық орындарды ластау») бойынша кінәлі деп танылды.

Оған 39 320 теңге (10 айлық есептік көрсеткіш) мөлшерінде айыппұл салынды.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.