KZNews.kz
Қоғам

Астанада ер адам ата-анасының қазасы туралы жалған сөйлеп, ақша жинаған

Айжан Сыланова
Фото: ашықдереккөз

Тергеу деректеріне сүйенсек, ол әуелі әкесінің, кейін анасын қайтыс болды деп хабарлап, жерлеу рәсіміне қаражат қажет деген желеумен ақша жинаған. Кейін тексеріс барысында оның ата-анасы аман-есен екені анықталды.

Полиция күдіктінің осындай әдіспен кемінде 10 адамды алдағанын мәлімдеді. Қазір ол ҚР ҚК-нің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша тергеліп жатыр.

Қалалық ПД азаматтарды сақ болуға және күмәнді жағдайларда дереу полицияға хабарлауға шақырды.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →