Астанада көпқабатты тұрғын үйдің шатырынан құлаған екі жасөспірім көз жұмды. Қайғылы оқиға 9 қараша күні кешкі уақытта болған, деп хабарлайды kznews.kz.
Аталған дерек бойынша құқық қорғау органдары суицид фактісімен қылмыстық іс қозғаған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.
«Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді», – деп мәлімдеді полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Әзірге жасөспірімдердің өліміне қатысты басқа мәліметтер жарияланған жоқ.