SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонды: борттан ақау табылды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Астанада екі жасөспірім биіктіктен құлады

Астанада екі жасөспірім биіктіктен құлады
Фото: видеодан скриншот

Оқиға орнына жедел қызмет өкілдері мен полиция қызметкерлері шақырылған. Қалалық Полиция департаменті екі жасөспірімнің де қаза тапқанын растады.

Астанада көпқабатты тұрғын үйдің шатырынан құлаған екі жасөспірім көз жұмды. Қайғылы оқиға 9 қараша күні кешкі уақытта болған, деп хабарлайды kznews.kz.

Аталған дерек бойынша құқық қорғау органдары суицид фактісімен қылмыстық іс қозғаған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

«Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді», – деп мәлімдеді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Әзірге жасөспірімдердің өліміне қатысты басқа мәліметтер жарияланған жоқ.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.