"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Астанада бүлдіршіндер балабақшаға тегін бара бастады

Астанада бүлдіршіндер балабақшаға тегін бара бастады

Астанада аз қамтылған көпбалалы отбасыларда тұратын бүлдіршіндер мектепке дейінгі мекемелерге тегін баратын болады.

Елорда әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, мұндай жеңілдікті алғашқы болып Алматы ауданының әкімдігі жасап отыр. «20 Izgi Qadam» қайырымдылық акциясы аудан әкімі Әділбек Сәрсембаевтың бастамасымен қолға алынған. Бүгінде 20 бүлдіршінге жекеменшік балабақшаға тегін баруға мүмкіндік беретін сертификаттар табыс етілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Осы іске бей-жай қарамаған басшылықты, жекеменшік балабақшаның құрылтайшыларына алғысымды білдіргім келеді. Балаларымыз мемлекеттің лайықты азаматы болып өсіп, мейірімді, бойына тек ең жақсы қасиеттерді сіңіріп өседі деп үміттенемін», - деді Алматы ауданы әкімінің орынбасары Тынысбек Арашапов.

Сертификаттарды алдағы уақытта да беру жоспарланған. Балабақшалар жаңа тәрбиеленушілерін 1 желтоқсаннан бастап қабылдай бастайды.


 

Автор
Мадияр