Jah Khalib, құлыптаулы телефондар және жабық афтерпати: Назарбаев Астанада ұлын үйлендірді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Астанада биыл 1,1 миллионнан астам жасыл желек отырғызылады

Астанада биыл 1,1 миллионнан астам жасыл желек отырғызылады
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астанада биыл 1,1 миллионнан астам ағаш, бұта мен гүл отырғызу жоспарланған. Көгалдандыру жұмыстары елорданың барлық алты ауданында, саябақтарда, гүлзарларда, қоғамдық кеңістіктер мен негізгі көшелердің бойында жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды kznews.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазір Астана аумағында 4 миллионнан астам жасыл желек бар. Бұдан бөлек, 14 миллионға жуық ағаш пен бұта елорданың «Жасыл белдеуінде» өсіп тұр. Қалада жыл сайын кемінде 1 миллион ағаш, бұта және гүл отырғызылады.

2026 жылы елордада 70 мың ағаш, 600 мыңнан астам сәндік әрі гүлдейтін бұта, қоршау жасауға арналған 40,5 мың өсімдік және 400 мыңнан астам көпжылдық гүл егу көзделген. Жыл басынан бері 700 мыңнан астам жасыл желек отырғызылып үлгерді. Көгалдандыру науқаны күзде де жалғасады.

Көшеттерді таңдағанда Астананың қатал климаттық жағдайы ескеріледі. Негізінен үйеңкі, жасыл шетен, ұсақ жапырақты қарағаш және сирень секілді жергілікті ауа райына төзімді өсімдіктер отырғызылып жатыр. Ірі ағаштар мен көпжылдық бұталарға басымдық берілген.

Көгалдандыру жұмыстары Tarlan Astana желісі бойында, Сығанақ, Қабанбай батыр және басқа да негізгі көшелерде жүргізілуде. Greenline жаяу жүргіншілер желекжолының екінші кезеңінде жаңа серуендеу бағыттары, жасыл аймақтар, спорт және балалар алаңдары салынып жатыр.

Есіл өзенінің бойында Президент саябағы, Бейбітшілік және келісім саябағы мен Триатлон саябағын біріктіретін саябақтар кластері қалыптасуда. Өзен жағалауын көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары да жалғасып жатыр.

Қаланың аудандарында да жаңа жасыл кеңістіктер пайда болуда. Сарыарқа ауданында жыл басынан бері 330 мыңнан астам жасыл желек пен 1 700-ден астам ағаш отырғызылды. Сарайшық ауданында 2 357 ағаш және 18,5 мыңнан астам сәндік бұта егілді. Байқоңыр ауданында жыл басынан бері 2 мыңнан астам көшет отырғызылса, күзде тағы 500-ге жуық ағаш пен бұта егу жоспарланған.

Алматы ауданында биыл 130 мыңнан астам жасыл желек отырғызу көзделіп отыр. Нұра ауданында жыл соңына дейін 8,5 мыңнан астам ағаш пен 132 мыңнан астам бұта егіледі. Ал Кіші Талдыкөл аумағын көгалдандырудың алғашқы кезеңі күзде басталады. Жұмыс табиғи ландшафт пен экожүйені барынша сақтау талаптарына сай жүргізілмек.

Әкімдік жаңа көшеттерді отырғызумен қатар, қалыптасқан жасыл қорды күтіп ұстауға да көңіл бөлінетінін мәлімдеді. Ағаштар мен бұталарды суару, тыңайту, зиянкестер мен ауруларға қарсы өңдеу және суару жүйелерін қалпына келтіру жұмыстары тұрақты жүргізіледі.

Соңғы жылдары Астанада 500-ге жуық қоғамдық және аула кеңістігі абаттандырылған. Биылғы көгалдандыру жұмыстары нәтижесінде қаланың жасыл қорына 1,1 миллионнан астам жаңа өсімдік қосылады.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.