Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметіне сәйкес, «бала құлап кетті» деген хабарламалар 103 жедел жәрдем қызметіне бірнеше сағат ішінде түскен. Оқиғалар 1, 10, 12 және 16-қабаттарда орын алған. Қайтыс болған балалардың бірі үш жаста, екіншісі — алты жаста. Екеуі де жедел жәрдем келгенге дейін алған ауыр жарақаттарынан қайтыс болды.
Қалған екі бүлдіршін ауыр жағдайда №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасына жеткізіліп, жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер олардың өмірін сақтап қалу үшін күресіп жатыр.
Дәрігерлердің айтуынша, мұндай оқиғалардың көпшілігінде балалар маса торына сүйеніп, тепе-теңдігін жоғалтып сыртқа құлап кетеді. Алайда, бұл торлар қауіпсіздікке арналмаған және салмаққа төтеп бере алмайды.
Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 2024 жылдың басынан бері елордада 51 бала биіктіктен құлап, ауруханаға түскен. Олардың тоғызы көз жұмған: төртеуі ауруханада, бесеуі жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған.