Саяси сауалнама: тұрғындардың 87,8 пайызы елдің саяси даму бағытын қолдайды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Астанада баланы қараусыз аулаға сүйреп әкетпек болған ер адам ұсталды (видео)

Астанада баланы қараусыз аулаға сүйреп әкетпек болған ер адам ұсталды (видео)
Фото: Видеодан скрин

Астанада белгісіз ер адамның баланы күштеп қараусыз қалған аулаға қарай сүйреп әкетпек болғаны жұртшылықтың алаңдаушылығын тудырды. Оқиғаға куә болған тұрғындар дер кезінде араласып, баланы құтқарып қалған, деп хабарлайды kznews.kz.

Астанада кәмелетке толмаған балаға қатысты оқиға бойынша 56 жастағы ер адам ұсталды. Куәгерлердің айтуынша, белгісіз азамат баланы күштеп ұстап алып, қараусыз қалған аула жаққа сүйреп әкетпек болған. Алайда өтіп бара жатқан тұрғындар араласып, баланы құтқарып қалған.

Оқиға 5 маусым күні елорданың Алматы ауданында, №13 орта мектептің маңында болған. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады.

Жазба авторының мәліметінше, шамамен 9-11 жастағы баланы ер адам ұстап алып, ескі автодөңгелектер жатқан қараусыз аула ішіне қарай сүйреп кеткен. Мұны байқаған тұрғындар дереу араласып, баланы қорғап қалып, полиция шақырған.

Қазақстандық есік құлпын ауыстырып, кейін сол үйге ұрлыққа түскен Оқыңыз

Астана полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын растады.

"Аталған факті бойынша 56 жастағы ер адам ұсталды. Қазір қолданыстағы заңнамаға сәйкес барлық қажетті процессуалдық іс-шаралар жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Полиция мәліметінше, баланың заңды өкілі арыз жазудан бас тартқан. Соған қарамастан құқық қорғау органдары тексеру жұмыстарын жалғастырып жатыр.

"Тексеру нәтижесі бойынша ер адамның әрекетіне заң аясында құқықтық баға беріледі", – деп мәлімдеді полиция департаменті.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Қаскелеңде тұрғын бейтаныс ер адамның кішкентай баланы күштеп алып кетпек болғанын айтып, оқиға туралы әлеуметтік желіде жазған еді. Оның сөзінше, бала "Көмектесіңіздер, мен оны танымаймын!" деп айғайлаған. Тұрғын араша түсіп, полиция шақыратынын айтқаннан кейін ер адам баланы жіберіп, оқиға орнынан қашып кеткен.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.