KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

Астанада балабақшада бір жарым жастағы бала сорпаға күйіп қалған

• Айжан Сыланова
Фото: ашық дереккөз

Астанада балабақшада ыстық сорпаға күйіп қалған бір жарым жастағы бүлдіршінге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Баланың денесінің 10 пайызы үшінші дәрежелі күйік алған, деп хабарлайды kznews.kz.

Баланың анасының айтуынша, оқиғадан кейін балабақша өкілдері болған жағдайға өздерінің қатысы барын мойындамаған.

Астана қалалық полиция департаменті аталған дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

«Балабақша қызметкерінің кәмелетке толмаған баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамауы» дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу аясында бейнебақылау камераларының жазбалары алынып, қазір зерттеліп жатыр», – деп хабарлады полиция.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →