KZNews.kz
Қоғам

Астанада автобус қатысқан ірі жол апаты болды

Айжан Сыланова

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, барлығы 14 адам зардап шеккен. Олар елорданың көпсалалы стационарларына және Ұлттық жедел медициналық үйлестіру орталығына жеткізілген.

«Барлық науқастар қабылдау бөлімінде тексеруден өтті. Кейбіріне амбулаторлық ем тағайындалды, ал қалғандары дәрігерлердің бақылауында қалып отыр. Негізінен жолаушылар жеңіл жарақат алған», – деп мәлімдеді басқарма өкілдері.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →