KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

Астанада аптап ыстықтың беті қашан қайтады?

• Азамат Қойшығара
Фотоколлаж: Kazinform/ Nano Banana

Астанада 2–3 тамыз күндері ауа райы құбылмалы болады. Синоптиктер қысқа мерзімді жаңбыр жауатынын болжағанымен, күндіз ауа температурасы +32 градусқа дейін жетеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Синоптиктердің болжамынша, сенбі, 2 тамыз күні елордада күндіз ауа температурасы +32 градусқа дейін көтеріледі, түнде +21 градус шамасында болады. Күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жаууы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5 метрге дейін жетіп, екпіні 9 м/с болуы ықтимал.

Жексенбі, 3 тамыз күні Астанада ауа райы сәл салқындайды. Күндіз +29 градус, түнде +19 градус болады деп күтіледі. Сондай-ақ жауын-шашын болжанып отыр. Жел бағыты солтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы шамамен 5 м/с, екпіні 10 м/с-қа дейін күшейеді.

Жаңбыр жауғанына қарамастан, елордада ыстық ауа райы сақталады. Осыған байланысты мамандар тұрғындарға сұйықтықты көбірек тұтынуға, күннің ыстық уақытында ұзақ жүрмеуге және сыртқа шыққанда қолшатыр алып жүруге кеңес береді.

Азамат Қойшығара
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда т...
Автордың басқа материалдары →