"Ойын" алаңына айналған Ормуз: бұғаздың қайта жабылуы қаншалықты қауіпті?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Астанада аялдамада автомат ұстаған әйел жұртты шошытты

Астанада аялдамада автомат ұстаған әйел жұртты шошытты

Астанада аялдама кешенінде қоғамдық тәртіпті бұзып, тұрғындарға қолайсыздық тудырған әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы елордалық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбаға мониторинг жүргізу барысында полиция оқиғаны анықтап, жедел тексеріс бастаған. Кадрларда әйел адамның аялдама павильонында қоғамдық тәртіпті бұзған әрекеті түсірілген.

Тәртіп сақшылары оның жеке басын анықтап, тиісті шара қолданды. Тексеру нәтижесінде оқиға ұсақ бұзақылық ретінде бағаланып, іс сотта қаралды.

Сот шешімімен әйелге 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Сонымен қатар оның қолындағы заттың қару емес, ойыншық автомат екені белгілі болды.

Полиция қоғамдық орындардағы кез келген тәртіп бұзушылық заң аясында жауапкершілікке әкелетінін ескертіп, тұрғындарды әдеп пен тәртіп сақтауға шақырды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.