KZNews.kz
Әлем

Астана ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің ресми сапарына дайындалуда

Ayzhan Sylanova
Фото: ашықдереккөз

16-17 маусым күндері Қытай көшбасшысы Си Цзиньпин Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға ресми сапармен келеді. Осыған байланысты елордада қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, қаланың басты көшелеріне Қазақстан мен Қытайдың мемлекеттік тулары ілінді.

Астана әкімдігі тұрғындар мен қонақтарға жол қозғалысында енгізілетін уақытша өзгерістерді ескеріп, маршруттарын алдын ала жоспарлауға кеңес берді. Қоғамдық тәртіп пен қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол бойына уақытша белгілер орнатылады.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары