KZNews.kz
Шоу-бизнес

Астана, Қарағанды, Қостанай және ШҚО мектептерінде сабақ тоқтатылды - Ел жаңалықтары

KZNEWS

Астана мен Қарағандыда аязға байланысты мектептерде сабақ тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"26 желтоқсанда ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінде бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды", - деп хабарлайды Астана қаласы білім басқармасы өкілдері. alau.kz ақпараты бойынша, Қостанайда бірінші ауысымдағы 0-5 сыныптар үшін сабақ тоқтатылды. Себебі ауа температурасы -25 градус, жел - секундына 1-3 метр соғады. 

Қарағанды қаласында 0-4 сыныптар, Теміртауда бірінші және екінші ауысымдағы 0-11 сыныптар үшін, ал Балқашта 0-11 сыныптар мен бірінші ауысымдағы колледждердің 1 курс студенттері үшін сабақ тоқтатылды.

Шығыс Қазақстан облысында бірінші ауысымдағы 1-11 сыныптардың, колледждердің 1-2 курс студенттеріне сабақ болмайды. Ал Шемонаиха және Зырян аудандарында екінші ауысым үшін де сабақ тоқтатылды.

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz
KZNEWS
Автордың басқа материалдары