Талғар ауданының тұрғындары Тоқаевқа үндеу жолдады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Астана – Петропавл жолындағы апаттан аман қалған азамат жансақтау бөлімінде жатыр

Астана – Петропавл жолындағы апаттан аман қалған азамат жансақтау бөлімінде жатыр
видеодан скриншот

Астана – Петропавл тасжолында өртенген көліктен аман қалған азамат Ақкөл аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ер адамның жағдайы өте ауыр. Оның денесінің көп бөлігін күйік шалған.

Жарақат аумағының үлкен болуына байланысты науқасты басқа медициналық мекемеге ауыстыру әзірге мүмкін болмай отыр.

"Пациент Ақкөл аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр. Жағдайы өте ауыр. Денесінің зақымдану аумағы үлкен болғандықтан, оны тасымалдауға болмайды. Қазіргі уақытта науқаста күйік шогы байқалады", – деп мәлімдеді басқарма өкілдері.

Дәрігерлер зардап шеккен азаматтың өмірін сақтап қалу және жағдайын тұрақтандыру үшін барлық қажетті медициналық көмекті көрсетіп жатыр.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер