Қазақстан соғысқа дайындалып жатқан жоқ – Айдос Сарым
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Астана мектептерінде сабақ болмайды

Астана мектептерінде сабақ болмайды

Айта кетейік, бірінші ауысымда оқитын 1-11 сынып оқушылары үшінші сабақтан кейін үйлеріне қайтарылды.

Астана қаласында ауа райының қолайсыздығына байланысты мектеп оқушыларының сабағы тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық Білім басқармасына сілтеме жасап.

"2018 жылдың 29 қарашасы күні ауа райының колайсыздығына байланысты қала мектептерінің екінші ауысымындағы 0-11(12) сынып оқушылары үшін сабақ болмайды", - деп хабарлады Білім басқармасының ресми өкілі Жазира Асанова.

Айта кетейік, бірінші ауысымда оқитын 1-11 сынып оқушылары үшінші сабақтан кейін үйлеріне қайтарылды. "Қазгидромет" РМК 28-30 қараша күндері еліміздің 8 өңірінде күн суытатынын хабарлады.

Астана қаласында қар жауып, бұрқасын және көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің бағыты солтүстік-батысқа ауысып, оның екпіні таңертең және түнде 15-20 м/с, кей уақыттарда 25 м/с жетуі мүмкін. 30 қараша түнде ауа температурасы 15-17 градусқа дейін төмендейді.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Автор
Жандос