Астана маңында пакетке салынған нәрестенің мәйіті табылды, деп хабарлайды kznews.kz.
Астанадан Қосшы қаласына баратын жол жиегіндегі жеке секторлардың бірінен шамамен 6-7 айлық жаңа туған нәресте салынған пакет табылғанын @nayza_kokshe паблигі хабарлады. Алдын ала мәліметтер бойынша, оның өлі туғаны немесе туғаннан кейін өлгені анықталмақ.
Ақмола облысы полициясы бұл дерек бойынша тергеу басталғанын мәлімдеді.
"Аталған факт бойынша полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін кешенді тергеу шаралары жүргізілуде", – деп хабарлады ведомство.