"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Астана имамдары қала әкімінің «Алғыс хатын» иеленді

Астана имамдары қала әкімінің «Алғыс хатын» иеленді

ҚМДБ тарапынан жүргізіліп келе жатқан теріс ағымнан сақтандыру бағытындағы профилактикалық ағарту жұмыстарының алар орны айрықша. Арнайы жүздесулер өтіп, теріс ағымдар шырмауына алданғандарды ата дінімізге қайтару бағытында атқарылып жатқан жұмыстар да ауыз толтырып айтарлықтай. Қазіргі таңда еліміз бойынша ҚМДБ жанынан құрылған Республикалық ақпараттық насихат (РАНТ) тобына қоса, әр өңірлерде Жергілікті ақпараттық түсіндіру топтары (ЖАТТ) құрылып, жемісті еңбек етіп келеді.

Осы орайда, Астана қаласының әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев Елорда имамдарынан жасақталған ЖАТТ мүшелерімен арнайы кездесу өткізіп, Бас шаһардағы діни ахуалды жақсартуға қосқан үлестерін айрықша атап өтті. ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен жұмыс істеп келе жатқан Астана қаласы өкілдігі ЖАТТ мүшелерінің конфессияаралық келісім мен ұлтаралық татулықты нығайтудағы еңбектерін жоғары бағалайтынын жеткізді. Кездесу соңында Елорда имамдарына қала әкімі Бақыт Сұлтановтың атынан «Алғыс хат» табысталды.

Дереккөз: http://kazislam.kz/
Автор
Санжар