"Астана" Еуропа лигасында украиналық "Динамодан" жеңіліп қалды - новости Казахстана

"Астана" Еуропа лгасының топтық кезеңінде өз алаңында киевтік "Динамодан" жеңіліс тапты. Бұл туралы Sports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: fcastana.kz
Матчтағы жалғыз голдың авторы Беьямин Вербич болды. Олар астаналықтардың қақпасын ойынның 29- шы минутында бағындырды.
Осылайша, "Динамо" 11 ұпай жинап, Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне өтуге жолдама алды.
Басылымның хабарлауынша, бұл кездесуде "Астананың" өз алаңында көрсеткен жеңіліссіз ойындарының сериясы үзілген.
Бұған дейін елордалық клуб "Қызыл-Жар СК", АПОЭЛ, "Жетісу", "Ренн", "Қайрат", "Яблонец", "Иртыш" командаларынан айласын асырып, "Қайсар" және "Ордабасы" клубтарымен тең ойнаған.
Сіздің реакцияңыз
Тағы да оқыңыздар