KZNews.kz
Техно

Астана – Бурабай пойызында Starlink интернеті сынақтан өтуде

Айжан Сыланова
Фото: ашықдереккөз

Министрдің айтуынша, «Астана – Бурабай» бағыты бойынша Starlink негізінде пилоттық жоба іске қосылған. Жоба қорытындысы бойынша оны кеңейту мәселесі қарастырылмақ.

Сонымен қатар, «Жолаушылар тасымалы» АҚ мен «Jusan Mobile» АҚ бірлесіп, OneWeb спутниктік интернетін сынақтан өткізуді аяқтаған. Ол үшін OneWeb-ке бейімделген мультимедиялық жабдық орнатылды.

Бұл пилоттық жоба бұған дейін №3/4 (Астана – Алматы) және №67/68 (Астана – Өскемен) бағытындағы Talgo пойыздарында сынақтан өткен. Интернет жылдамдығы 100 Мбит/с-қа дейін жеткен.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →