ІІМ "Қазақмыс" нысандарындағы ұрлық схемаларының жолын кесуде
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Астана әуежайында екі мас жолаушы ойран салғаны үшін қамалды

Астана әуежайында екі мас жолаушы ойран салғаны үшін қамалды
Фото: GOV.KZ

Астана әуежайында қоғамдық тәртіпті бұзған екі жолаушы қамауға алынды. Бірі ұшақ ішінде жолаушылардың орнына ауысып, экипаж талабына бағынбаса, екіншісі отырғызу аймағында балағат сөз айтып, жанжал шығарған. Екеуі де бұрын жауапкершілікке тартылған болып шықты, деп хабарлайды kznews.kz.

Астана қаласы әуежайындағы көліктегі полиция қызметкерлері әуе рейстеріндегі қоғамдық тәртіпті бұзған екі азаматты жауапқа тартты. Мас күйінде жанжал шығарған жолаушылар сот шешімімен қамауға алынды.

Алғашқы оқиға Алматы – Астана бағытындағы рейс аяқталғаннан кейін тіркелген. Әуе компаниясының өкілдері полицияға ұшу барысында тәртіп бұзған жолаушыны тапсырған. Тексеру кезінде оның 37 жастағы елорда тұрғыны екені анықталды. Полицейлердің мәліметінше, ер адам алкогольдік масаң күйде болған. Ол өз бетінше басқа жолаушылардың орындарына ауысып отырған, әуе кемесіндегі тәртіп қағидаларын елемей, экипаж мүшелерінің заңды талаптарына бағынбаған.

Құқық бұзушы полиция бөлімшесіне жеткізіліп, қоғамдық орында мас күйінде жүргені және әуе көлігіндегі тәртіп ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот оны 3 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарды.

Осыған ұқсас тағы бір жағдай Астана – Шымкент бағытындағы рейске отырғызу кезінде болды. 35 жастағы Шымкент тұрғыны мас күйінде әуе компаниясы қызметкерлеріне балағат сөздер айтып, айналасындағыларға құрметсіздік танытқан. Сондай-ақ өзге жолаушылардың тыныштығын бұзған.

Бұл азамат та қоғамдық орында мас күйінде болғаны және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылып, сот шешімімен 5 тәулікке қамалды.

Көліктегі полиция департаментінің хабарлауынша, екі азамат та бұған дейін бір жыл ішінде әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ведомство өкілдері әуе рейстеріндегі қауіпсіздік пен жолаушылардың тыныштығы басты назарда екенін атап өтті. Полицейлердің айтуынша, көлік нысандарында қоғамдық тәртіпті бұзудың кез келген әрекетіне заң аясында қатаң шара қолданылады.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.