KZNews.kz
Қоғам

Аспазшы қазақтың қазысын атақты телешоуға апарып, әділқазыларды таңғалдырды

Айжан Сыланова
Фото: instagram.com/ovsyan980605

Петропавл қаласында жұмыс істейтін аспаз Егор Овсянников Ресейдегі танымал телешоуға қатысып, қазақтың етімен жюрилерді таңғалдырды, деп хабарлайды kznews.kz.

Бағдарлама қонақтары қазақтың қазысы мен шұжығын татып көріп, ерекше әсер алған. Жюрилер бұрын да ұлттық тағамды жеп көргендерін айтса да, бұл жолғы еттің дәмі бөлек екенін атап өткен.

Ал Егор Овсянников өз сөзінде Петропавлдағы мейрамханалар желісінде көп жылдан бері аспаз болып қызмет ететінін және қазақтың ұлттық асханасына ерекше құрметпен қарайтынын жеткізген.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →