Инвестиция рейтингі: еліміздің тартымдылығы 17 пайызға жоғарылады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Әскери техника қозғалысы басталды: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді

Әскери техника қозғалысы басталды: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді
Фото: ашық дереккөздерден

Тамыз–қыркүйек айларында өтетін "Батыл тойтарыс – 2026" стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуына дайындық аясында әскери бөлімдердің жеке құрамы, қару-жарағы мен әскери техникасын оқу аудандарына кезең-кезеңімен жеткізу басталды.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, әскерлер теміржол эшелондары, әскери автоколонналар, сондай-ақ, майдандық және армиялық авиация арқылы тасымалданады. Осыған байланысты алдағы апталарда еліміздің кейбір өңірлерінде әскери техниканың қозғалысы жиілеуі мүмкін.

Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Әйгерім Ағылтаеваның айтуынша, "Батыл тойтарыс – 2026" жаттығуы Қарулы күштердің жауынгерлік әзірлігін кешенді бағалауға арналған жоспарлы стратегиялық оқу-жаттығу болып табылады.

- Оқу-жаттығу барысында әскерлерді қолдану, құрлықта, әуе кеңістігінде, теңізде және киберкеңістікте күштердің өзара іс-қимылы пысықталады. Бұл іс-шаралар әскери басқару органдары мен Қарулы күштердің бірлескен іс-қимылын жетілдіруге және қазіргі заманғы әскери міндеттерді орындауға дайындық деңгейін арттыруға бағытталған, – деді Әйгерім Ағылтаева.

Сондай-ақ, ол азаматтарды сабыр сақтауға, әскери техниканың қозғалысына түсіністікпен қарауға және тек ресми ақпарат көздеріне ғана сүйенуге шақырды.

Яғни, Қорғаныс министрлігі тексерілмеген ақпаратты тарату мен жалған мәлімет жариялау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салды.

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Қалмаханбет Мұқаметқали, журналист. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің түлегі. Журналистикада 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.