Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Әскери қызметкерлердің жалақысы қаншаға көбейді

Әскери қызметкерлердің жалақысы қаншаға көбейді
Қоғам

Қысқа сілтеме алу

193 0 0

Төмен шенді офицерлер 140-150 мың теңге көлемінде жалақы, сонымен қатар тұрғын үй төлемдерін алады

АСТАНА, 31 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда азаматтық қызметкерлердің кей санаттарының жалақысы артты.

Ұшқыштар құрамының да еңбекақысы көтерілді, деп хабарлады қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Талғат Мұхтаров.

2 миллион қазақстандықтың жалақысы өсті

"Бұдан бөлек, 2017 жылдан бастап Жоғарғы бас қолбасшының тапсырмасымен барлық әскери қызметкердің жалақысы 25%-ға көтерілді. Ынталандырушы және басқа үстемақылар 30%-ға дейін артты. Жалақы кезең-кезеңімен ұлғайып келеді. Орта есеппен, менің ойымша, төмен шенді офицерлер 140-150 мың теңге алады", - деп мәлімет берді Талғат Мұхтаров.

Ақша жинаудың қарапайым 15 тәсілі

Әскерилердің баспана жағдайын жақсарту үшін жаңа модель енгізілді, дейді ол. Былтыр қаңтардан бастап ай сайын әскерилердің екінші деңгейлі банктердегі арнайы жеке шоттарына тұрғын үй төлемдері аударылады, төлем көлеміне әскери қызмет өтілі әсер етпейді.

Қазақстанда ең жоғары жалақыны кім алады

Екі мыңдай әскери қызметкер баспанаға ие болыпты, ал қырық мыңнан астамы тұрғын үй төлемдерін алған.

Өткен жыл Қазақстанның Қарулы күштері үшін нәтижелі болды, дейді Мұхтаров. Оның сөзіне сүйенсек, құқық бұзушылық саны 9%-ға кеміді.

Дереккөз: https://sputniknews.kz/
Автор
Санжар