Қазақстан Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштеріне тиесілі ұшқышсыз ұшу аппараты Жамбыл облысының Талас ауданы аумағына қонуға мәжбүр болған.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, тұрғындар мен инфрақұрылым нысандарына қауіп төнбеген. Алдын ала болжам бойынша, оқиғаға техникалық ақау себеп болуы мүмкін.
- Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия жіберілді. Қазіргі уақытта аумақты тексеру және себептерді анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деді Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әйгерім Ағылтаева.