Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Әскерден екі солдат қашып кеткен

Әскерден екі солдат қашып кеткен

Қонаев қаласында әскери бөлімнен қашып кеткен екі сарбаз жазаланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қонаев қаласының мамандандырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі ауданаралық сотында тәртіп бұзған екі сарбазға байланысты әкімшілік іс қаралды.

«Осы жылдың 8 шілдесінде Н. және М. күн тәртібі бойынша бекітілген жоспарды бұзбау жайлы аға сержанттың ауызша бұйрығын қасақана орындамай және сол күні кешке шамамен сағат 20:00-де әскери бөлімшенің аумағынан қосалқы есік арқылы ескертусіз шығып, Алатау қаласына қашып кеткені анықталды. Сот қаулысымен Н. және М. ҚР ӘҚБтК-нің 652-бабы 6-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 7 тәулікке әкімшілік қамауға алынды», - деп хабарлайды облыстық соттан.

Сондай-ақ әскери бөлімде осындай құқық бұзушылықтардың алдын алу және оларда құқықтық мәдениетті қалыптастыру мақсатында сот актісін жария етуіне Н. және М.-нің қызметтестері шақырылғаны хабарланды.

Автор
Еркебұлан