KZNews.kz
Қоғам

Әскердегі әлімжеттік: Желіде сарбаздарды аяусыз тепкілеген қызметкердің видеосы тарады

Азамат Қойшығара
Видеодан алынған скрин

Әлеуметтік желіде сарбаздарды қатар тұрғызып қойып, ұрып-соғып, балағат сөздер айтқан рота басшысының бейнежазбасы тарады.. 

Кадрларда әскери қызметкердің жас сарбаздарға қол көтеріп қана қоймай, небір ауыр сөздер айтқаны анық байқалады.

Аталған видео қоғамда үлкен наразылық тудырып, көпшілік әскердегі жағдайға алаңдаушылық білдірді.

Желі қолданушылары түрлі пікір қалдыруда:

«Мынаны көріп отырған Қорғаныс министрі қайда?»

«Мұндай хайуандарды соттау керек»

«Әскерде қай өңір болмасын боқауыз сөзді доғару қажет»

«Сау барған бала өзін өзі өлтірмейді. Бәрі әскердегі зорлықтан»

Көпшілік Қорғаныс министрлігінен нақты шара қолдануды талап етуде.

Азамат Қойшығара
Автордың басқа материалдары