KZNews.kz
Білім

Ашық сабақ "Тәтті үйдің бауырсағы да тәтті"

KZNEWS


Ашық сабақ "Тәтті үйдің бауырсағы да тәтті"

Автор: Есенгалиева Осиха Базарбаевна

Бағыты: Балабақша Бөлімі: Ашық сабақ Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар

Жарияланған уақыты: 2019-01-25

Материал туралы қысқаша түсінік

Тәрбиешілерге арналған ашық сабақ жоспары

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы. «Еркем-ай» тобы Білім беру салалары: « Комуникация »Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті түрі: «Сөйлеуді дамыту»Тақырыбы: Тату үйдің бауырсағы да дәмді Мақсаты: Отбасы туралы ,туыстық қатынастартуралы түсінік беру.
  • Адамгершілікке,кішіпейілдікке тәрбиелеу.
  • Тіл байлықтарын дамыту.
Алдын- ала жүргізілетін жұмыс: ата-аналардың сөздерін аудиожазбаға жазу , отбасының суреттерін әкелу.Әдіс- тәсілдері: Әңгімелеу, ойын, сурет бойынша әңгіме Көрнекіліктер: Балалардың өз отбасыларының суреттері,отбасы суреті, аудиожазба, микрофон.Билингвалды компонентӘже-бабушка,ата-дедушка,ана-мама,әке-отец,әпке- сестра,аға- брат.
Әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің іс – әрекеті. Баланың іс – әрекеті.
Мотивациялық қозғаушылық

Ұйымдастыру- іздестіру

Рефлексивті -түзетушілік

«Жүректен -жүрекке» шаттық шеңбері.Бір-біріне жүрекшені беріп жылы сөздер айтуды ұсынады. «Ең жақсы отбасы»атты байқау жариялаймыз,кім өз отбасы туралы жақсы әңгіме айтып береді, солжеңімпаз болып аталады.Жақсы қатысқан балаға сыйлық (жүрекше) беріледі.Жұмбақтар-Ал, сендер ,жұмбақ шешкенді жақсы көресіңдер ме?Қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал, сендер кім туралы айтылғанын табыңдар. Мені жақсы көреді, Ертегі айтып береді-Оны қалай білдіңдер?-Ал сендердің әжелерің не істей алады? Көзілдірік киеді Көп-көп ертек біледі. Тарамдайды сақалын, Таяқ ұстап жүреді. -Ол кім?-Ал сендердің аталарың қандай? Еркелесім, күлімдейтін, Ұрысқаны білінбейтін Маңдайымнан сипап мені «Құлыншағым,күнім »дейтін-Ол кім?-Ал сендердің аталарың қандай? Атамның ол баласы Әжемнің де баласы. Жаралғандай құрыштан, Қалмайды бір жұмыстан.-Бұл кім?-Ал сендердің әкелерің қандай?-Қане кім отбасы туралы тақпақтар біледі?«Менің есімім» балалардың ата-аналары, ата-әжелері қалай еркелетінін аудиожазбадан тыңдату.Сергіту сәтіСаусақ гимнастикасы: балалар саусақтарын ішке бүгеді, біртіндеп ашып тұрады.Бір үйде біз нешеуміз?Кел, ойнайық екеуміз.Бас бармағым әкем, Балаң үйрек-анамОртан терек-ағам,Шылдыр шүмек –менТиттей бөбек сен.Бір үйде біз нешеуміз? Бір үйде біз бесеуміз!«Сұхбат» тақырыбына слайд көрсету.Өз әке ,шеше ата, әжелерінің , қарындас ,аға,інілерінің фотоларын көрсетіп аттарын атап,олардың қайда тұратын дары туралы сиқырлы микрофонға әңгімелеп айтуды ұсынады.«Бәйтерек пен отбасым» ойыныАғаштың суретін тақтаға іледі, отбасы мүшелері мен ағашты салыстырып, түсіндіреді. -Ағаш тамыры, ол сендердің ата-әжелерің.Ағаштың діңгегі, ол сендердің әкелерің, Ағаштың бұтағы ол сендердің аналарың . Ал, ағаштың жапырақтары, олар сендерсіңдер, балалар«Менің отбасым»Балалар өз жанұяларының суреттерін салып бояйды.Мақал –мәтелТату үйдің бауырсағы да дәмді.Мақалдың мағынасын қалай түсінетіндерін сұрайды, толықтырады.-Балалар, сендер өз отбасыларыңа қандай тілек тілер едіңдер?Көп жүрекше жинаған жеңімпазды. анықтайды.Балаларды мадақтап,Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетін аяқтау.Шеңберге тұрып ,бір біріне жүрекшені беріп жылы лебіздер айтады. Байқауға қатысуға қызыға келіседі.

Жұмбақтарды шешеді.

Балалар ата-аналары, ата-әжелері туралы тақпақтарын айтады.Балалар ата-аналары, ата-әжелері қалай еркелетінін аудиожазбадан тыңдап,кім екенін тауып айтады.

Жұдарықтарын ашып , жұмады.

Үйден әкелген фотоларын көрсетіп сиқырлы микрофонға әңгімелеп айтады Туыстары туралы әңгімелейді.Суретті тамашалап, тәрбиешіні тыңдайды.Балалар өз жанұяларының суреттерін салады.Мақалды тыңдау. Сөздерінің мағынасын өзара талдап , дәйектемелер келтіреді өздерінің түсінігі бойынша айтады.Өз туыстарына арнап тілектерін білдіреді.

Күтілетін нәтиже: Не білу керек : Отбасы мүшелерін ажырата алуды.Нені игереді: Үлкенді сыйлауды, құрметтеуді, сыпайы сөздерді қолдануды. Нені біледі Өз отбасына деген жылы мейірімді сөздерді жылы сезіммен айтуды

Батыс Қазақстан облТеректі аудандық білім беру бөлімі« Бүлдіршін » бөбекжай МКҚК

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

«Тату үйдің бауырсағы да дәмді»

Өткізген: «Ботақан» топ тәрбиешісі: Есенгалиева О.Б.

2017-2018 оқу жылы

Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!

Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.

KZNEWS
Автордың басқа материалдары