| Пәні: | Қазақ тілі |
| Күні: | 27.04.2018 ж. |
| Сыныбы: | 5 «А» |
| Сабақтың тақырыбы: | Шаршамаймын десең... |
| Сабақтың мақсаты: | 5.1.5.1 – тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру:5.4.4.1 – жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану. |
| Сабақтың типі: | Жаңа сабақ |
| Қолданылатын әдіс-тәсілдер: | Әңгімелеу, топтастыру, сұрақ-жауап, т.б. |
| Көрнекілігі: | Қима қағаздар, кесте, интерактивті тақта, слайдтар |
| Пәнаралық байланыс: | Қазақ әдебиеті |
| Ұйымдастыру кезеңі: | І. «Психологиялық тренинг»1.Оқушылар шеңбер болып тұрып, бір-біріне тілектер айтады.2.Топқа бөлу1-топ. Сергектік.2-топ. Зеректік.3-топ. Көңілділік.ІІ. Оқушыларды түгендеу.ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау. |
| Жаңа сабақ:Оқылым. | Мәтінді мұқият оқыңдар. |
| Ойтүрткі: | Сұрақтарға жауап беріңдер:Көрші қыздың көңілді жүруінің сыры неде?Қандай көңіл-күйдегі адам тез шаршайды?Себебі неде деп ойлайсыңдар?Достарыңа бақылау жүргізіп көріңдер. |
| Деңгейлік тапсырмалар: | 1-деңгей. Мәтіндегі жағымды және жағымсыз әрекеттерді білдіретін сөздерді бөліп жазыңдар.2-деңгей. Шаршаған кезде немен айналысатындарың туралы сұхбат құрып, 3-4 сөйлеммен қорытындылаңдар.3-деңгей. Өмірде кездесетін қиындықтарды жеңу үшін достарыңа қандай ақыл-кеңес берер едіңдер? Тізімін жасаңдар. |
| Ой қорыту: | І. Абайдың нақыл сөздері.ІІ. «Артық болмас білгенің» айдарында берілген мәліметтерді негізге ала отырып, «Қос жазба күнделігін» толтырады. |
| Рефлексия: | «Бағдаршам» әдісі арқылы бүгінгі сабақты қорытындылайды. Жауаптарға сәйкес бояйды. |
| Үй тапсырмасы: | Көңіл-күйді көтеретін сөздерді тауып жазып, оларды тұлғасы мен құрамына қарай талдайды. |
| Бағалау: | Топ басшылары бағалау парағы бойынша топтағы белсенді оқушыларды бағалайды. |