KZNews.kz
Lifestyle

Ашық сабақ "Орамалды өрнектеу"

KZNEWS

Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады


Ашық сабақ "Орамалды өрнектеу"

Автор: Толегенова Жибек Шайхановна

Бағыты: Балабақша Бөлімі: Ашық сабақ Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар

Жарияланған уақыты: 2019-01-10

Материал туралы қысқаша түсінік

Мақсаты: Білімділік.Балаларды қол орамалды әшекейлеп , қошқар мүйіз оюын қолдана білуге үйрету. Дамытушылық : Көз мөлшерін, түсті сезіну,көркемдік талғамын дамытуға үйрету. Тәрбиелік :Шыдамдылыққа, төзімділікке тәрбиелеу. Көрнекілігі: Ұлттық тұрмыстық заттар: текемет суреті,қоржын,ою-өрнек түрлері Керекті құралдар: Қол орамал,қошқар мүйіз оюының үлгісі,желім, сүлгі тақтайша.

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Шолпан ауылы
Жүзағаш орта мектеп-бақшасы КММ
Еркетай бала бақшасы Ашық сабақ

Тәрбиеші: Толегенова Жибек Шайхановна
Тақырыбы : Орамалды өрнектеу.
Мақсаты:
Білімділік.Балаларды қол орамалды әшекейлеп , қошқар мүйіз оюын
қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық : Көз мөлшерін, түсті сезіну,көркемдік талғамын дамытуға үйрету.
Тәрбиелік :Шыдамдылыққа, төзімділікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ұлттық тұрмыстық заттар: текемет суреті,қоржын,ою-өрнек түрлері
Керекті құралдар: Қол орамал,қошқар мүйіз оюының үлгісі,желім, сүлгі тақтайша.
Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту, математика.
Сабақ барысы:
-Балалар , шаттық шеңберге тұра қалайық.

Үлкенге де Сіз
Кішіге де Сіз
Бар адамды құрметтеп,
Бас иеміз Біз!
-Балалар, әр ұлттың ою –өрнектері әр түрлі болады. Біздің ою-өрнегіміз ерекше.
Оларды әшекейлеген ұлттық киімдер , тұрмыстық заттар арқылы танып, біліп
келеміз.
Ою-өрнектерді өсімдіктерге жапырақтар, гүлдер,жануарларға қарап шығарған.
Ою-өрнектердің бірнеше түрлері бар.Қошқар мүйіз осы төрт түліктің бірі қошқардың мүйізіне ұқсатып шығарған.Бұл ою киізден жасалған текеметте,сырмақта, үй бұйымдарында кездеседі.
-Балалар,бүгін бізге алыста тұратын әже көмек сұрай келіпті.
Әжейге қол орамалды безендіруге көп тапсырыс түскен екен.
Әжей үлгере алмай, сендерден қол орамалды оюлап берулеріңізді өтінді.
Әжейге көмектесеміз бе?

-Иә, әжеге көмектесеміз.
-Алдарыңызда қандай оюдың үлгісін көріп отырсыңдар?
-Қошқар мүйіз оюының үлгісі.
-Бүгін біз қол орамалға қошқар мүйіз оюын жапсырамыз.

-Балалар шаршаған боласыңдар,бойымызды сергітіп алайық.
Қорбаңдаған аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп-теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
-Балалар, ою-өрнек туралы мақал-мәтел білесіңдер ме?
-Өнерлі бала өрге жүзеді.
-Ою ойғанның ойы ұшқыр.
-Өнерлі бала сүкімді.
-Ал, балалар, енді ойын ойнап жіберейік.
Дидактикалық ойын : Өрнекті ата.

Ойынның шарты: Балалар өрнектің атын атайды.
Ең көп атаған бала жеңімпаз болады.
Балалардың жұмысын тексеру.
-Балалар,бүгін біз қол орамалды қандай ою-өрнекпен әсемдедік!
-Қошқар мүйіз оюымен әсемдедік. Әр бала өз қол орамалындағы
оюдың түсін атайды.
Білуі керек: Ұлттық ою –өрнек түрлерін ажырата білуі.
Үйрену керек: Көз мөлшерімен ою-өрнекті матаның бетіне жапсыра білуді
үйрену керек
.

Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!

Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.

KZNEWS
Автордың басқа материалдары