|
| Сабақтың тақырыбы | Ауа және оның қасиеті. |
| Жалпы мақсаты | Мақсаты: а) Оқушыларға ауаның құрамы және қасиеттері туралы білім қалыптастыру.ә) Олардың ойлау дағдысын қалыптастыру, жүйелі сөйлеуге үйрету, пәнге қызығушылығын арттыру.б) Байқампаз болуға үйрету, ұқыптылыққа тәрбиелеу |
| Оқу нәтижелері | Оқушылар сын тұрғысынан ойлай білуге дағдыланады, өз пікірлерін айта білуге үйренеді. |
| Сабақ типі | Аралас сабақ |
| Әдістер | Түсіндіру, баяндау |
| Көрнекілігі | Ақ қағаз, плакаттар, оқулық, маркерлер |
| Сабақ кезеңдері Уақытты меңгеру | Мотивациялық- бағдарлау кезеңіОперациялық- орындаушылық кезең (оқу-танымдық, ізденім, ішінара зерттеу, проблемалық әдістер) Рефлексиялық- бағалау кезеңі (өзіндік бақылау- өзін-өзі бағалау әдістері) – |
| Сабақ кезеңдері | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушыныңіс-әрекеті | Ресурстар |
| ҰйымдастыруПсихологиялық дайындық Топқа бөлу | Қоршаған орта табиғат Жануар, өсімдік, адамзат Сүю, қорғау-парасат Білейін мұны жамағатБағдаршамның көздерімен топқа бөлінеді. | Оқушылар іс-қимылдар арқылы қайталап айтады. | Интерактивті тақта Интерактивті тақтада жазылып тұрады |
| Сұрақтар шеңбері Үй тапсырмасын сұрау | Сәйкестендіру тестіІ топ: Табиғи денелерге Өлі, тірі денелер нелер жатады?Жасанды денелер Заттан тұрады дегеніміз не? ІІ топ:Табиғи денелер Адам қолдан жасап нешеге бөлінеді? шығаратын денелер ІІІ топ: ІV топ Әр топ қарама –қарсы топтарға өткен тақырыптардан сұрақтардан кез келген жерден сұрақтар қояды. | Өткен тақырыптарды еске түсіреді | |
| «Ой шақыру» | Ауа туралы не білеміз?Ауа көзге көрінбейді. Ауа түссіз мөлдір.Ауасыз адамдар өмір сүре алмайды.Ауа барлық жерде болады.І топ ІІ топ 5 жолды өлең ІІІ топ. Қазақстан облыстарындағы бүгінгі ауа-райын болжау ІV топ. Халықтың ауа-райын болжауы | Әр топ өз ойларын ортаға салады. | Плакат, маркер |
| Жаңа сабаққа даярлық кезеңі."Болжау" стратегиясы | Олай болатын болса бүгінгі өтетін біздің тақырыбымыз қандай болмақ деп ойлайсың? 4. Аузыңды жауып, танауыңды қысып ішіңнен сана не байқадың?5.Ыстықтап терледің, желпуіш алып желпи бастадың неге? Ауаның қасиеті: көзге көрінбейді,түссіз иіссіз, дәмсіз, сығылады,жылуды сақтайды, отты жанғызады. 4 мин | Ауа және оның қасиеті | |
| «Конференция»әдісіЖаңа сабақты түсіндіру кезеңі Топтық жұмыс.«Сынып ішін аралау» тәсілі | Оқулықтағы«Ауа және оның қасиеті» деген мәтінді 3 абзацқа бөліп, топтарға қай абзацқа дейін оқу керектігін хабарлаймын. Әр топ өздеріне берілген абзацты оқып болғаннан кейін оларға 1-ден 3-ке дейін нөмір жазылған жетон таратамын. Сосын 1-ші нөмір алғандар бір топқа, 2-ші нөмір алғандар екінші топқа жиналады, т.с.с.Балалар оқыған мәтін бөлігін бір-біріне айтып береді. Сонда бір оқушы мәтінді толық оқымай-ақ оның мазмұнын түсініп шығатындай жағдай жасаймын. | Оқушыларға тақырыпты сатылай түсіндіру Оқушылар берілген абзацты оқып, басқа әріптестеріне түсіндіріп шығады | Сатылай түсіндіру |
| Сергіту сәті. | Жер шары үлкен әлем,Қоршаулы ауамен.Ауасыз кім шыдар,Ауасыз тұншығар. Астрологиялық жұлдыздарға шолу От ауа су | Оқушылар сергіту сәтін қимылдар арқылы көрсетеді | Музыка |
| «Ой сергек» | Кестемен жұмыс1 топ . Ауаның қасиеті Ауаны ластайтындар Ауаны тазартатындар 2топ Ауаның ластануыАуаны қорғау Венн диаграммасы 3 топ «Ауа – райын қалай тазартамыз?» (сурет салу) 4 топ Тәжірибе жасау ( кітаптан ) | Оқушылар сөздерді тауып сәйкестендіреді | Қима қағаздар |
| «Мен сендерден сұрақ күтемін» тәсілі | Бұл тәсіл бойынша балалар мәтіннің мазмұнын бір-біріне түсіндіріп болған соң, осы мәтін бойынша сұрақ құрастырады. Топтағы оқушылар өзара келісіп, қағазға екі сұрақ жазып, келесі топқа береді. | Оқушылар сұрақ дайындайды. | Сұрақ жазылған бетше |
| Рефлексия | Қазақстанның ертеңгі болатын ауа-райын болжап, сабақтан алған әсерлерін жазады. | «Бүгінгі сабақта мен не үйрендім?» деген кесте бойынша оқушылардың пікірі тыңдалады. | Карта |
| Үйге тапсырма | «Егер ауа болмаса» эссе жазуМәтінді оқу, түсінік | Оқушылар берілген сайттар бойынша мәліметтерді іздеп табады. | |
| Бағалау. | «Бағдаршам» арқылы бағалау. | әр оқушы смайликтер арқылы өзін - өзі бағалайды. | |