| Сабақ тақырыбы | 9 саны және цифры |
| Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 1.1.1.1 санау барысында натурал сандардың реттік номері анықталатындығын түсіну;10 көлемінде тура және кері санау; олардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтау; 1.1.1.2 бір таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру1.1.1.3 бір таңбалы сандардың құрамын анықтау |
| Сабақ мақсаттары | Барлық оқушы: 10 көлеміндегі сандарды тура және кері ретпен санайды, натурал сандар қатарындағы 9 санының орнын табады |
| Оқушының көпшілігі:9 санының құрамын анықтайды. |
| Кейбір оқушылар:Санды өрнекке кері амал қолданып, өрнектер құрастырады, мәнін шығарады. |
| Бағалау критерийі | -10 көлеміндегі сандарды тура және кері ретпен санайды;- 9 санының құрамын анықтайды және орнын табады;- Өрнектер құрастырады және мәнін табады. |
| Тілдік мақсат(тілдік емес пәнге) | «Сан», «цифр», «теңдік», «қосу», «азайту» сияқты математикалық терминологияны; амалдардың атауын, «=», «>», «»белгілерін, қарапайым математикалық өрнектерді қолдану. |
| Құндылықтарды дарыту | «Мәңгілік ел» 5-құндылық Жауапкершілік, еңбек пен шығармашылық , сын тұрғысынан ойлау рухани құндылықтарды дарыту. |
| Пәнаралық байланыстар | Жаратылыстану |
| АКТ қолдану дағдылары | Электронды оқулық, интербелсенді тақта |
| Бастапқы білім | Оқушылар күнделікті өмірде немесе балалар бақшасында сандар ретімен санауды үйрену тәжірибесіне сүйенеді |
| Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Дерексөздер/Ресурстар |
| Сабақтың басы 5 минут | Ұйымдастыру кезеңі«Гүлмен тілек» әдісі Оқушылар арнайы дайындалып келген гүлді алақандарына салып тұрып, бір-біріне тілек тілейді және гүлдің астына жазылған 1,2,3 сандары бойынша топқа біріктіріледі.«Ашық микрофон» әдісі Өткен сабаққа байланысты сұрақ қояды, екінші оқушы жауап береді.ҚБ Жалаушалар арқылы | Арнайы жасалған гүлдер Микрафон Жалаушалар |
| Сабақтың ортасы30 минут Сергіту жаттығуы | Ұжымдық жұмыс «Қарлы кесек» әдісі (саралау жұмысы) 10 көлеміндегі натурал сандарды тура және кері санату. Тоғыз саны сандық сәуледе сегіз санынан кейін тұратынын анықтатуТілдік құзыреттілігін арттыру Тоғыз –девять-nineҚБ «Басбармақ» әдісі Жұптық жұмыс «Салыстыр » әдісі арқылы жұлдыздарда жазылған сандарды атап, әр санды 9 санымен салыстыру. 1 7 4 5 2 6 3 9 8 ҚБ Смайликтер арқылы Топтық жұмыс «Кім шапшаң?» ойыны 9 санын қалай алуға болады?Түсіп қалған сандарды ата. Екі топқа зымыранның суретіндегі сандар арқылы 9 санының құрамын анықтауға тапсырма беру. Осы тапсырманы қорытындылау мақсатында 9 саннының құрамын атап шығуҚБ «Бағдаршам» әдісі Сергіту жаттығулары Жеке жұмыс.(жазылым дағдысы қалыптасады) Үлгі бойынша 9 цифрын жазып үйренедіҚБ «Бағдаршам» әдісіЖеке жұмыс «Жалғасын тап» әдісі (саралау)Мысалдарды шеш: Бүкіл сыныптағы оқушылармен бірінші баған бойынша сұрақтар қойып, әңгіме жүргізу. Содан кейін оқушыларға тапсырманы өз бетінше орындауды ұсынамын.ҚБ Жалаушалар арқылы | Ақ қағаздан жасалған қар кесегі Сандық сәуле Слайд Смайликтер Оқулық Бағдаршам түстері Видеоролик Жұмыс дәптері Электронды оқулық Жалаушалар |
| Сабақтың соңы5 минут | Кері байланыс | Кері байланыс парағы |
| Қосымша мәліметтер |
| Саралау-оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түсіндіресіз? | Бағалау- оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? | Пәнаралық байланыс- денсаулық және қауіпсіздік, АКТмен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементтері) |
| «Тапсырма» тәсілі«Қарлы кесек» әдісіСан түзуінде сандардың орнын табуда қиналған оқушылармен жеке жұмыс жүргізу. «Қарқын» тәсілі«Жалғасын тап» әдісіКері амалдар арқылы өрнектер құрастыруда қабілетті оқушылармен жұмыс жүргізу | «Бағдаршам» әдісі, «Басбармақ» әдісі, жалаушалар мен смайликтер арқылы | Сергіту жаттығуы мен көзге арналған жаттығу |