«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға міндетті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ащыбұлақта 29 жастағы келіншектің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Ащыбұлақта 29 жастағы келіншектің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Tim Clayton/Corbis via Getty Images

Алматы облысы Ащыбұлақ ауылында 29 жастағы әйелдің өліміне байланысты полиция қылмыстық іс қозғады. Марқұмның туыстары оның отбасында зорлық-зомбылық көрген болуы мүмкін екенін айтып отыр, деп хабарлайды kznews.kz.

Қаза тапқан Гүлмираның әпкесі Әзиза Мырзақұлованың сөзінше, сіңлісі өмірге құштар, жақындарына үнемі көмектесіп жүретін адам болған. Туыстары оның мұндай қадамға өз еркімен барғанына сенбейтінін жеткізді.

Марқұм медицина саласында білім алып, шамамен бес жыл ауруханада жұмыс істеген. 26 жасында өзінен 13 жас үлкен азаматқа тұрмысқа шығып, кейін егіз баланы дүниеге әкелген.

Туыстарының айтуынша, отбасында жанжал жиі болған. Қайғылы оқиға болған күні Гүлмира жақындарына бейнеқоңырау шалып, күйеуінің өзіне күш көрсететінін айтқан. Сондай-ақ денесіндегі жарақаттарды көрсеткені де айтылады.

Марқұмның анасы Оразгүл Монбекова қызының өлімін отбасындағы зорлық-зомбылықпен байланыстырады.

"Зорлық-зомбылықтың кесірі деп ойлаймын. Басқа ешқандай себеп жоқ. Мәйітханада қызымның денесіндегі көгерген іздерді көрдім", – деді ол.

Алайда марқұмның қайын атасы бұл айыптаулармен келіспейтінін айтып, ұлының әйеліне қол көтеруі мүмкін емес екенін мәлімдеген.

Алматы облысы полиция департаментінің ресми өкілі Ернар Сайділдин аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады.

"Аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Тергеу нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады", – деді полиция өкілі.

Қазіргі уақытта марқұмның денесінде зорлық-зомбылық белгілерінің бар-жоғын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалған.

Іс бойынша Гүлмираның күйеуі күдікті ретінде танылған. Оның кінәсі сотта дәлелденген жағдайда ғана құқықтық жауапкершілік мәселесі шешіледі.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер