Біліксіз ұстаз бен білімсіз оқушы: түркістандық түлектер ұлттық сынақтан қалай сүрінді?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Әсет Бейсеуов | өмірбаяны

Әсет Бейсеуов |  өмірбаяны

Әсет Көпбайұлы Бейсеуов (13.10. 1938, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылы - 20.3.1996, Алматы) - композитор, Қазақстанның халық артисі (1991). 

1960 - Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы, В.В. Великановтың класы бойынша) бітірген.

1961 - 1964 ж. Текелі қаласының музыка мектебінде мұғалім

1964-1966 ж. Мәдениет үйінде қызметкер

1966 - 1967 ж. Есік музыка мектебінде мұғалім

1967 - 1968 ж. Ұзынағашта Мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі болды.

1969-1974 ж. "Гүлдер" ансамблінде

1974 - 1980 ж. Қуыршақ театрында қызмет істеді. 

Бейсеуов қазақ эстрадасында музыкасының дамуына үлес қосты. Композитордың "Алмалы Алматым", "Гүлдер", "Шақырады көктем", "Мұңайма", "Алтыным", "Маралдым", "Сандуғаш", "Сырласу вальсі", "Жұлдызым", "Армандастар", "Жайықтан қайтқан тырналар", т.б. туындылары қазақ ән өнерінің алтын қорына енді. Сондай-ақ, Бейсеуов бірнеше спектакльдерге (С.Балғабаевтың "Қыз жиырмаға келгенде", Ә.Тауасаровтың "Аса құрметті Икс"), кинофильмге ("Көртышқан мен қоян"), телефильмдерге ("Алдар көсе", "Жаздың соңғы күні", т.б.) музыка жазды. Көптеген ән жинақтары жарық көрді.

Автор
Санжар