Есет Байкен Ұлытау облысының әкімі болып тағайындалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Әсел Сәдуақасова басынан өткен ауыр қасірет туралы алғаш рет ашық айтты

Әсел Сәдуақасова басынан өткен ауыр қасірет туралы алғаш рет ашық айтты
Фото: Даулет Кажкенов

Танымал қазақстандық актриса Әсел Сәдуақасова өміріндегі ең ауыр кезеңдердің бірі туралы сыр шертті. Өнер иесі журналист Тимур Балымбетовке берген сұхбатында жүктілігі сәтсіз аяқталғанын айтып, сол кездегі жан күйзелісімен бөлісті, деп хабарлайды kznews.kz.

Танымал қазақстандық актриса Әсел Сәдуақасова өміріндегі ең ауыр кезеңдердің бірі туралы сыр шертті. Өнер иесі журналист Тимур Балымбетовке берген сұхбатында жүктілігі сәтсіз аяқталғанын айтып, сол кездегі жан күйзелісімен бөлісті.

Актрисаның айтуынша, ол сәуір айында жүкті екенін білген. Алайда жүктіліктің екінші скринингі кезінде дәрігерлер ұрықтың дамуында бірнеше күрделі ақау анықталғанын айтып, жүктілікті тоқтатуға кеңес берген.

«Сәуір айында жүкті екенімді білдім. Екінші скрининг кезінде дәрігерлер баланың дамуында көптеген ақау бар екенін айтып, жүктілікті үзуге тура келетінін жеткізді. Сол кезде өзімді қатты кінәладым. "Бір нәрсені дұрыс істемедім бе, әлде бір қателік жібердім бе?" деген ой маза бермеді», – деді Әсел Сәдуақасова.

Актриса бұл қиын кезеңде жұбайының қолдауы өзіне үлкен демеу болғанын да жасырмады. Оның айтуынша, сол сәтте күйеуінің жанынан табылғанына ерекше шүкіршілік еткен.

«Сол кезде "Құдайым, осындай күйеуім барына шүкір" деп ойладым. Тіпті ол менен ажырасып кетеді ме деп қорықтым. Кейін оның да дәл сондай қорқынышты бастан өткергенін білдім», – деп еске алды өнер иесі.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.