Әлеуметтік желіде Әсел Исабаеваның жаңа фотосессиясынан үзінділер тарап, оқырмандардың қызу талқысына түсті, деп хабарлайды kznews.kz.
Актрисаның ерекше образын отандық әрі шетелдік брендтермен жұмыс істеп жүрген белгілі фотограф Мирас Баянов таспаға түсірген.
Фотограф өз жазбасында өнерге жақын жүрудің өзі үшін әрдайым маңызды екенін атап өткен. Ол Әсел Исабаеваны өз көзқарасымен көрсеткісі келгенін жеткізіп, актрисаның болмысын ерекше бағалайтынын жазды.
Желі қолданушылары фотосессиядағы Әсел Исабаеваның нәзік әрі талғампаз бейнесіне тәнті болған. Олар актрисаның сұлулығын, сахнадағы орны мен өнерге деген адалдығын жоғары бағалап, жылы пікірлер қалдырды.
"Қандай әдемісіз", "Керемет образ", "Өте нәзік әрі мықты тұлға", "Өнерге деген сеніміңіз үшін рақмет", "Ғажап фотосессия" деген пікірлер жазған көпшілік жаңа кадрларға сүйсінгенін жасырмады.