Мемлекет басшысы референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Асекеңмен қоштасу үшін Майра тәтенің табытын алып, аурухананың қорасына алып барған (ВИДЕО)

Асекеңмен қоштасу үшін Майра тәтенің табытын алып, аурухананың қорасына алып барған (ВИДЕО)
kznews.kz коллажы

Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімовтің жары Бағдат Әшімова 2021 жылы Stan.kz порталына берген сұхбатында көпшілікке беймәлім, бұрын-соңды айтылмаған деректі бөліскен еді, деп хабарлайды kznews.kz.

Бағдат Әшімованың сөзінше, Майра апай 1993 жылы ауыр сырқатқа душар болған. Дәрігерлер оған мың адамның бірінде ғана кездесетін аса сирек ауру – склеродермия диагнозын қойған.

"Ол ауру бүкіл ішкі ағзаларды біртіндеп жейді екен. Асанәлі ағаларың жарын аман алып қалу үшін, тіпті Германия мен Мәукеудегі ең танымал аурауханаларғада алып барған. Германиядан аппаратпен алып келіп содан оянбады деді. Әйелінің соңғы демі шыққанда Асекең жанында бола алмаған. Соқырішек болып, ауруханаға түсіп қалыпты. Сонда Асекеңмен қоштасу үшін Майра тәтенің табытын алып, аурухананың қорасына алып барған. Асекеңді ауруханадан шығармай қойған. Отадан кейін жара қайтадан жарылып кетеді. Сонда "кетіп бара жатып та менімен келіп қоштасып кетті" дейді Асекең. Жаназасына да қатыса алмаған ол топырақты шүберекке түйіп беріп жіберген. Майра қайтыс болғанда "Майраның әні" деген кітап жазыпты. Ішқұсалықтан сол құтқарды мені деп айтып отырады. 1999 жылы бір жылда екі ұлынан айырылыған ол барлық жерден жұмыстан шығып кетеді. Киноға түспей, театрда ойнамай қояды. Тек араға 10 жылға жуық уақыт салып, өнерге қайта оралды", – деді Бағдат Әшімова.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер