Алаштанушы ғалым Сұлтан Хан Аққұлы Adal ADAM YouTube арнасына берген сұхбатында бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты қоғамда айтылып жүрген әңгімелерге тоқталды, деп хабарлайды kznews.kz.
Ғалымның айтуынша, Мұхамедиұлы туралы түрлі қауесет билік өкілдері мен өнер адамдарының арасында бұрыннан сөз болған. Аққұлы бұл мәліметтерді өзіне мемлекеттік қызметкерлер мен мәдениет саласының өкілдері айтқанын жеткізді.
Сұхбат барысында ол Мұхамедиұлына қатысты шенеуніктерге қыздар тауып берді деген сипаттағы ауыр қауесеттердің де тарағанын айтты. Алайда ғалым бұл сөздерге қатысты нақты дәлел келтірмегенін атап өткен жөн.
"Мен үкімет мүшелерінен, депутаттардан естігенімді айтып отырмын. Мәселе тек бір адамның төңірегінде емес, сол кезеңдегі жоғары саяси биліктің моральдық келбетінде болып отыр", – деді Сұлтан Хан Аққұлы.
Айта кетейік, сұхбатта айтылған мәліметтер әзірге ресми түрде дәлелденбеген және ел арасында тараған әңгімелер ретінде ғана келтірілді.