KZNews.kz
Шоу-бизнес

Арыстағы жойқын жарылыс: Тоқаев шұғыл тапсырма берді

KZNEWS

НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыстағы жарылысқа қатысты министрлер мен облыс әкіміне шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды. 

"Қорғаныс, Ішкі істер министрлеріне және Түркістан облысының әкіміне Арыс қаласы әскери бөліміндегі оқ-дәрі қоймасында болған жарылыстың зардаптарын жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырдым. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жарылыстың себептерін анықтау қажет", - деп жазды президенті әлеуметтік желідегі парақшасында. 


sputniknews.kz
KZNEWS
Автордың басқа материалдары