“Түсіндірме жұмысы” – Конститутциядан орыс тілін алып тастауды талап еткен Дина Елгезектің үйіне полиция барды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Арыста жаңа салық жеңілдігі енгізілді

Арыста жаңа салық жеңілдігі енгізілді
cурет: istockphoto.com

Түркістан облысының Арыс қаласы облыста алғаш болып бизнеске қолдау көрсетті.  Шағын және орта бизнес үшін салықты 4-тен 2 пайызға төмендетті, деп хабарлайды kznews.kz.

Ағымдағы жылдың 6 қарашасы Арыс қалалық мәслихатында сессия өтіп, онда мәслихат депутаттарының қолдауымен салық мөлшерлемесін төмендету туралы шешім шықты. 

«Табыс салығының 4-тен 2 пайызға төмендеуі кәсіпкерлер үшін үлкен жеңілдік. Өндірілетін өнімнің өзіндік құны төмендейді. Қосымша жұмыс орындары ашылып, инвестициялық ахуал жақсарады. Енді осындай жеңілдіктердің арқасында жаңа жұмыс орындары көптеп ашылып, Арыс қаласында салық төлеушілер қатары көбейеді. Жалпы аймақ та әлеуметтік жағдай  да жақсарады»,- деді Арыс қалалық мәслихатының депутаты, «AMANAT» партиясы қалалық филиалының төрағасы Бақтығали Ділдәбеков. Ол барша қазақстандықтарды осынау басатаманы қолдауға шақырды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.