«Сергек» – құрал ғана: «Әділет» партиясы құқықтық мәдениетті қалыптастыруға шақырды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Арқанкерген" оқиғасы: Қанды қылмысқа қатысты тың дерек айтылды

"Арқанкерген" оқиғасы: Қанды қылмысқа қатысты тың дерек айтылды
Фото: ашық дереккөзден

"Арқанкерген" шекара бекетінде қаза тапқан Денис Рейдің анасы сол түні болған оқиғаға қатысты өз болжамын айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Әлеуметтік желіде тараған видеода ол қайғылы жағдайдың қалай өрбігені жөнінде жеке пікірін білдірген.

Әйелдің айтуынша, оқиға болған күн Шекарашылар күнімен тұспа-тұс келген. Ол сол маңда ықпалды адамдардың болғаны мүмкін деген болжам айтады. Алайда бұл мәлімдемелерді растайтын ресми дерек келтірілмеген.

Сондай-ақ Денис Рейдің анасы орман күзетшісінің қазасы мен кейін болған оқиғалар арасында байланыс болуы мүмкін деп есептейтінін жеткізген.

"Менің ойымша, біздің балалар сол сәтте сол жерде болып қалған. Неге екі күн бойы болған жайт туралы жұртқа ештеңе айтылмады? Меніңше, осы уақытта бірдеңелер тазаланған болуы мүмкін", – деді ол.

Бұл – марқұм шекарашының анасының жеке нұсқасы. Оның айтқандары ресми тергеу қорытындысы ретінде қарастырылмайды.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер