Ауруханаларға - 450 млрд теңге: ем-домға төлеген ақшаның астарында не жатыр?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Арон Атабек Баян Мақсатқызының әкесімен жақын араласты” - Алма Нутушева

“Арон Атабек Баян Мақсатқызының әкесімен жақын араласты” - Алма Нутушева

Қоғам қайраткері, марқұм Арон Атабектің қызы Алма Нутушева әкесі туралы елге беймәлім бір құпиямен бөлісті, деп хабарлайды kznews.kz Democrat.kz сайтына сілтеме жасап.

Алма Нутушева әкесі ұзақ жылдар бойы тәңіршілдік ілімін тереңнен зеттегенін айтады. 

"Баян Мақсатқызының әкесі Мақсат Мухитденов екеуі бес жыл бойы Күлтегін жазбасының аудармасын жасады.
Әкем екі мыңнан астам адамы бар әлемдік ұйымға мүше болды. Бұл ұйым өкілдері ескі түрік тілдерінің аудармасымен айналысады. 

Әкем Күлтегіннің жазбасын орыс тілінде өлең мәнеріне салды. Сонымен қатар марқұм әкем Қазақстанда тәңіршілдік ұстанымының идеясын бірінші болып насихаттаған тұлғаның бірі. 

Әкем тәңіршілдікті дін деп емес, дүниетаным ретінде қарады. Десек те, әкем барлық діндерге құрметпен қарады. 

Өмірінің соңғы минуттарында, соңғы демі шығар сәтте әкем тілін кәлимаға келтіріп кетті", деген Алма Нутушева әкесіне қатысты түрлі жалған дүниелер айтудың керегі жоғын айтты. 

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.