Тоқаев Қытайдағы алапат жарылысқа байланысты Си Цзиньпинге көңіл айтты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы генерал-майор атанды

Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы генерал-майор атанды
Фото: akorda.kz

Ақордада Отан қорғаушы күніне арналған салтанатты жиында Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы Айдос Мырзахметовке генерал-майор әскери шені берілді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары әскери атақты жеке өзі табыстап, Қазақстан армиясының халықаралық деңгейдегі беделі мен жауынгерлердің жетістіктерін ерекше атап өтті, деп хабарлайды kznews.kz.

Айдос Мырзахметов — Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери академиясының 2002 жылғы түлегі. Ол әскери қызметін взвод командирі ретінде бастап, Мемлекеттік күзет қызметі департаментінің бастығына дейінгі еңбек жолынан өтті. Қызмет барысында жоғары кәсібилігімен, жауапкершілігімен және табандылығымен танылған.

2024 жылдың қаңтарында Президент Жарлығымен Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы қызметіне тағайындалды. ІІ дәрежелі «Айбын» орденінің иегері. Генералдық шен — оның Отан алдындағы адал қызметі мен көпжылдық еңбегіне берілген жоғары баға.

Салтанатты жиында Мемлекет басшысы Қазақстан армиясының ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөліне ерекше тоқталды.

– Бүгінде Қазақстанның айбынды армиясы батыр бабалардың даңқты жолын лайықты жалғастырып келеді. Сарбаздарымыз Тәуелсіздігіміздің берік қалқанына айналды. Олар ел тыныштығы мен жер тұтастығын қас қақпай күзетіп тұр. Қазақстан армиясына халықаралық деңгейде де үлкен сенім артылып отыр, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгерлік миссиясын дербес орындап отырған ТМД кеңістігіндегі жалғыз мемлекет екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл — қазақ армиясының кәсіби деңгейіне берілген халықаралық баға.

Президент сондай-ақ қазақстандық әскери қызметкерлердің халықаралық жарыстардағы жетістіктеріне тоқталды. Биыл Дубайда өткен халықаралық турнирде Қазақстанның бес командасы жүлделі орындарға ие болған. Ел құрамасы бірінші және екінші орындарды жеңіп алды.

– Әсіресе, әйелдер арасындағы «Томирис» командасының жеңісі әлем жұртшылығының назарын аударды. Бұл – Отанға адал, рухы биік сарбаздарымыздың қажырлы еңбегінің нәтижесі. Мемлекет мұндай жауынгерлерді әрдайым қолдайды, – деді Мемлекет басшысы.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.