«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Армениядағы парламент сайлауында Пашинян партиясы жеңіске жетті

Армениядағы парламент сайлауында Пашинян партиясы жеңіске жетті

Арменияда премьер-министр Никол Пашинянның партиясы парламент сайлауында жеңіске жетті.

Армения ортылық сайлау комиссиясы таратқан мәлімет бойынша, желтоқсан айының 9-ы күні өткен парламент сайлауында премьер-министр Никол Пашинянның «Менің қадамым» партиясы 884,4 мың сайлаушының дауысын жинап (70,43%), Ұлттық кеңестегі көпшілік орынға ие болды.

Сайлау қорытындысы бойынша, екінші орынды 103,8 мың дауыс жинаған (8,37%) Гагик Царукянның «Гүлденген Армения» партиясы алған. Үшінші орынға Эдмон Маркуянның басқаруындағы «Жарқын Армения» партиясы табан тіреген.

Экс-президент Серж Саргсянның Республикалық партиясы Тәуелсіз Армения тарихында тұңғыш рет сайлаудан өте алмай қалды. Ол сайлаушылардың небәрі 4,7 пайыз дауысын алған.

Армения Ата заңы бойынша, парламентке 5 пайыз дауыс жинаған партия өтуге құқылы және парламент кем деген де үш партиядан жасақталуы тиіс.

"The Qazaq Times"

Автор
Санжар