KZNews.kz
Шоу-бизнес

Армениядағы парламент сайлауына халықтың 48,63 пайызы ғана қатысқан

KZNEWS

2018 жылғы 10 желтоқсан 00:00 47

АСТАНА. ҚазАқпарат - Арменияның орталық сайлау комиссиясы парламент сайлауына қанша халық қатысқаны жөнінде алдын ала мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды armenpress.am.

«Елде парламент сайлауына қатысуға құқылы 2 млн 592 мың 479 адам бар болса, содан 1 млн 260 мың 479 адам ғана сайлауға қатысқан. Бұл - жалпы сайлаушылардың 48,63 пайызы», - дейді ОСК басшысы Тигран Мукучян.

Арменияда халықтың парламент сайлауына қатысуына қатысты белгіленген меже жоқ, сондықтан қанша адам дауыс бергеніне қарамастан сайлау өтті деп саналады, деп атап өтті armenpress.am.

KZNEWS
Автордың басқа материалдары