Арландар қош айтысты: Астаналық әйгілі бокс клубы тарап кетті - новости Казахстана
04.12.2018
22:34
0
4

"Astana Arlans" бокс клубы таратылады. Бұл туралы бүгін есеп беру конференциясында Қазақстан бокс федерациясы ұйымының вице-президенті Данияр Әбілғазин мәлімдеді деп хабарлайды Vesti.kz.

"Астана арланс". Фото/архив: Клубтың жеке сайты
"Бұл жобадан шығу туралы шешім қабылдадық. Келесі маусымнан бастап бұл жарысқа қатыспаймыз", - деді ол жиын кезінде.
"Astana Arlans" WSB жобасындағы ең нәтижелі командалардың бірі болған. 2012/2013, 2014/2015 және 2017 жылдары жарыс жеңімпазы атанды.
Еліміздегі ең мықты боксшылар да осы жоба аясындағы жекпе-жектерде бақ тәжірибе жинап, шеберлігін шыңдаған.
Айта кетейік, Бүкіләлемдік бокс сериясы (WSB) соңғы жылдары тоқырап келеді. Көп командалар бірер маусым ғана қатысып, кейіннен жарысқа қатысудан бас тарта бастады.
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ