ка

Әріптесі оқ атқан алматылық полицей көз жұмды

27.09.2018 05:47
0
11

Алматылық дәрігерлер жанжал барысында өзінің әріптесінен оқ жарақатын алған полицейді құтқарып қала алмады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігнің ресми өкілі Алмас Сәдубаевқа сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: domsovet.tv

Көрнекі фото: domsovet.tv

"Қызметкер жасалған ота мен дәрігерлердің бар күші жұмылдырылса да кеше 22.00 шамасында ауруханада көз жұмды", - деп хабардар етті Сәдубаев.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Еске сала кетейік, 26 қыркүйек күні Алматыда жергілікті полиция қызметінің инспекторынің өз әріптесін оқ атқаны хабарланды.

Кейін марқұмды жаралаған оның туысы болып шыққаны бегілі болды.

Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий