Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ардақ Назаров не себепті Мәжіліс отырысында өз анасын құттықтағанын түсіндірді

Ардақ Назаров не себепті Мәжіліс отырысында өз анасын құттықтағанын түсіндірді
Фото: Arasha.kz

Ол әлеуметтік желідегі жазбасында кейбір сын пікірлерге жауап қайырды.

«Анасын туған күнімен құттықтады деп дабырлап жатқан жандарға айтарым бар. Жақында әкесін ұрып-соғып, балағаттаған видеоны бәріміз көрдік. Бұл – жүректі ауыртатын жағдай. Оны көрген жасөспірімдер ертең соны қайталамасына кім кепіл? Ал бұл тек бір ғана оқиға. Шын мәнінде қаншама әке өз баласының қолынан қаза тауып жатыр», – деп жазды Назаров.

Депутаттың айтуынша, ол осы оқиғадан кейін жастарға ой салуды мақсат еткен.


«Менің негізгі ниетім – өскелең ұрпаққа сабақ болсын деген ой. Парламентте құттықтағаным емес, қай жерде жүрсең де ата-анаңды қадірлеуді ұмытпау маңызды. Анаға құрмет көрсету – ең асыл парыз», – деді ол.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.