Ардақ Зебешев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Тиісті өкімге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
Ардақ Зебешев 1981 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
2003 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша аяқтаған. 2006 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде «Экономика» мамандығын меңгерген.
2014 жылы «Болашақ» бағдарламасы аясында Лондондағы King’s College оқу орнында «Мемлекеттік басқару» бағыты бойынша білім алған. 2019 жылы Ұлыбританиядағы Warwick Business School-да MBA дәрежесін иеленген.
Еңбек жолында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппаратында, Ауыл шаруашылығы министрлігінде, Сыртқы істер министрлігінде және Премьер-министр Кеңсесінде қызмет атқарған.
2016-2019 жылдары «Самұрық-Қазына» құрылымдарында басшылық қызметтерде жұмыс істеп, Ауыл шаруашылығы министрі мен Премьер-министрдің орынбасарына кеңесші болған.
2019-2024 жылдары Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетінде түрлі лауазымдарды атқарып, басқарма басшысынан комитет төрағасына дейін көтерілген.
2024 жылғы ақпанда Қызылорда облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалып, бұл қызметті 2026 жылғы маусымға дейін атқарды. Кейін қайтадан Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетін басқарды.
Ардақ Зебешев «Құрмет» орденімен марапатталған. Ағылшын тілін меңгерген.