Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімінде болған жағдай қоғамда пікірталас тудырды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Арал теңізі салғырттықтың салдары": Тоқаев су қауіпсіздігін көтерді

"Арал теңізі салғырттықтың салдары": Тоқаев су қауіпсіздігін көтерді
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Орнықты болашаққа ортақ көзқарас» тақырыбымен өтіп жатқан өңірлік экологиялық саммитте Арал теңізі туралы айтып, су қауіпсіздігі мәселесін көтерді, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның айтуынша, су қауіпсіздігі Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азия үшін аса маңызды мәселе.
 

"Болашағымыз тіршілік нәрін қаншалықты ұтымды әрі әділ пайдалана алатынымызға байланысты. Арал теңізі салғырттықтың салдары қандай қасіретке әкеліп соғатынын еске салып тұрады. Сондай-ақ ол батыл әрі ғылыми негізі бар жүйелі шаралардың арқасында қандай нәтижеге жетуге болатынын көрсетеді. Бүгінгі таңда Солтүстік Аралдың 36 пайызға жуығы қайта қалпына келтірілді. Судың сапасы жақсарып, балық қоры молайды, маңайдағы елді мекендердің тұрмыс-тіршілігіне қан жүгірді. Бүгін Халықаралық Аралды құтқару қорының жоғары деңгейдегі кезекті отырысын өткіземіз. Жиын барысында әріптестерімізбен бірге Қазақстанның осы ұйымға үш жылдық төрағалығын қорытындылаймыз", - деді Тоқаев.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі